Күзгі демалыс 2026 жылғы 26 қазаннан 1 қарашаға дейін қоса есептегенде жеті күнге созылады. Оқу жылы 2 қарашада жалғасады.
Республика күніне орай қалалық футбол жарысында III орын!
Республика күніне орай ұйымдастырылған қалалық футбол жарысында гимназиямыздың оқушылары тамаша ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі III орынға ие болды! 🥉👏
⚽ Бұл жетістік – жас спортшыларымыздың табандылығының, командалық бірлігінің, жеңіске деген жігері мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Әр ойыншы алаңда өз шеберлігін танытып, команданың ортақ мақсатына үлес қосты.
👏 Жас футболшыларымызды лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да жеңіс тұғырынан көрініп, гимназиямыздың абыройын асқақтата беріңіздер!
🤝 Жетекшісі Ақанов Мақсұт Серікболұлы
💙 Жеңістеріңіз көп болсын! Биік белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз!
Бірлік бар жерде – жеңіс бар! Алға, Абай гимназиясы! 🏆
Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияда «Жасұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына жаңа мүшелерді қабылдау салтанатты түрде өтті! 🇰🇿✨
Бұл – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, жауапкершілікке, белсенділікке, адалдық пен бірлікке тәрбиелейтін маңызды қадам.
Салтанатты қабылдау барысында оқушылар ұйымның мақсат-міндеттерімен танысып, өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезіне отырып, ұйым қатарына қосылды. Жасұландықтар елін сүйетін, білімге ұмтылатын, қоғамдық өмірге белсенді араласатын саналы азамат болуға талпынады.
💙 Жасұландық болу – елге қызмет етуге ұмтылу, Отанды сүю және жарқын болашаққа сеніммен қадам басу!
Жаңа қабылданған жасұландықтарға сәттілік тілейміз! Әрдайым биіктен көрініп, гимназиямыздың абыройын асқақтатып, еліміздің мақтанышына айнала беріңіздер! 🌟
Бір мақсат – бір мүдде – бір болашақ!
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылау жүргізілді.
Алдымен учаскелік полиция Смаилов Мурат Каирович гимназия директоры Шабажанова Салтанат Калиаскаровнаның қабылдауында болып, мектептегі қауіпсіздік мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Одан кейін гимназиядағы қауіпсіздік жүйесінің жұмысына тексеру жүргізілді. Атап айтқанда:
Күзет қызметкерінің жұмыс тәртібі мен қызметтік міндеттерді орындауы; 🔹 Бейнебақылау камераларының жұмыс жағдайы; 🔹 Турникеттің дұрыс жұмыс істеуі; 🔹 Мектепке кіру-шығу тәртібі мен оқушылардың қауіпсіздігі назарға алынды.
Мұндай бақылау жұмыстарының негізгі мақсаты — білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және мектеп аумағында қауіпсіз орта қалыптастыру.
Біздің басты міндетіміз — әрбір оқушының өзін қауіпсіз сезінетін, алаңсыз білім алып, жарқын болашағына қадам басатын орта құру!
Қауіпсіздік — талаптан, тәртіптен және ортақ жауапкершіліктен басталады!
Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Игі шараға 8 «Б» сыныбының оқушылары мен ата-аналары белсенді қатысып, ұйымшылдық пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа, өзара қолдау көрсетуге және игі істер жасауға тәрбиелеу.
Сыныбымыздың барша ата-аналары мен оқушыларына белсенділіктері, қолдаулары және игі іске қосқан үлестері үшін шын жүректен алғыс білдіреміз! Сіздердің бірліктеріңіз бен жанашырлықтарыңыз – көпке үлгі!
Жақсылық жасау – әр адамның қолынан келеді!
🏫 Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияда білім алушылар мен мектеп қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді.
🎯 Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – өрт кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау, оқушылардың қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін нығайту және төтенше жағдай кезінде дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
📌 Айта кетейік, өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу жұмыстары жылына екі рет өткізіледі. Іс-шара барысында белгіленген тәртіп пен қауіпсіздік талаптары қатаң сақталып, эвакуациялау жолдары мен төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдар пысықталады. Мұндай жаттығулар мектеп ұжымының төтенше жағдайларға дайындығын арттыруға бағытталған.
🚨 Өрт кезіндегі маңызды қауіпсіздік ережелері:
🔸 Өрт дабылы берілген жағдайда сабыр сақтап, мұғалімнің нұсқауын орындау;
🔸 Белгіленген эвакуация жолымен ғимараттан қауіпсіз шығу;
🔸 бір-бірін итермеу;
🔸 Жеке заттарды алуға уақыт жоғалтпау;
🔸 Түтін немесе өрт байқалған жағдайда дереу жауапты ересектерге хабарлау;
🔸 Қажет болған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне қоңырау
Режиссер, актер, драматург Әнуар Қалиевтің 95 жылдық мерейтойына орай 8 «А» сынып оқушыларының қатысуымен Бұқар жырау атындағы музейге танымдық саяхат ұйымдастырылды.
Сапар барысында оқушылар қазақ театр өнерінің көрнекті өкілі Әнуар Қалиевтің өмірі мен шығармашылық жолы туралы құнды мәліметтермен танысып, музейдегі тарихи-мәдени маңызы зор жәдігерлерді тамашалады.
Танымдық кездесу оқушылардың мәдени-рухани дүниетанымын кеңейтіп, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Бүгін мектебімізде 5,6,7 сынып оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды кездесу өтті.
Кездесуді Калиев Елжас Зайыргелдіұлы – патрульдік полиция батальоны взвод командирінің орынбасары, полиция капитаны өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға ауладағы қауіпсіздік ережелері, жол қозғалысы, қоғамдық орындардағы тәртіп, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат берілді.
💬 Қарапайым ережелерді білу – қауіптің алдын алудың ең тиімді жолы.
Әр оқушы өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, сақтықты күнделікті өмір салтына айналдыруы қажет.
🔐 Қауіпсіздік – ережеден басталады!
Білімді бала – сақ бала!
Кездесуді ұйымдастырып, оқушыларға құнды ақпарат бергені үшін Калиев Елжас Зайыргелдіұлына алғыс білдіреміз!
«Адал Азамат» және «Заң мен тәртіп» бағдарламалары аясында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Бірыңғай күн өткізу шеңберінде мектебімізде маңызды дәріс ұйымдастырылды.
Дәрісті Жұлдыз Сапаровна – жедел жәрдем дәрігері, дәрігер-маман өткізді.
📌 Дәріс тақырыбы: «Менің денсаулығым – менің жауапкершілігім: жеке шекаралар мен қауіпсіздік».
Кездесу барысында оқушыларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, жеке шекараны сақтау, қауіпсіз мінез-құлық және түрлі жағдайларда өз қауіпсіздігін қорғау туралы маңызды ақпарат берілді.
Оқушылар дәрігермен еркін пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
💚 Денсаулық – зор байлық. Ал оны сақтау – әр адамның өз жауапкершілігі!
Жасөспірімдерге құнды ақпарат беріп, пайдалы дәріс өткізгені үшін Жұлдыз Сапаровнаға алғысымызды білдіреміз!
Жоғары сынып оқушылары арасында «Заң іс жүзінде: сенің құқықтарың және нақты жауапкершілігің» тақырыбында мазмұнды әрі өзекті дебат ұйымдастырылды.
Дебат барысында оқушылар адам құқықтары, заң талаптары, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ өз әрекетінің салдары мен жауапкершілігі туралы пікір алмасты.
🗣️ Әр топ өз ұстанымын нақты дәлелдермен қорғап, қарсы тараптың пікіріне сыни тұрғыдан жауап беруге тырысты. Оқушылар үшін бұл — тек пікірталас емес, өз құқықтарын білуге, заңды құрметтеуге және әр әрекетіне жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік берген маңызды алаң болды.
⚖️ Құқығыңды білу — өзіңді қорғау.
Жауапкершілігіңді білу — өз әрекетіңді дұрыс таңдау.
Осындай пікірталастар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.