2026 жылғы 6 қаңтар күні Павлодар қаласында Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның мәжіліс залында Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мектеп мұғалімі Молдабекова Рәзия Асқарқызының 100 жылдық мерейтойына арналған облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің форумы өтті.
«Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту: өзекті мәселелері және бүгінгі күннің ерекше ұстанымдары» тақырыбында ұйымдастырылған симпозиум–форум форматындағы іс-шарада пәнді оқытудың заманауи бағыттары мен өзекті мәселелері кеңінен талқыланды.
Форум жұмысына Павлодар облыстық білім беру басқармасының басшылығы, Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының өкілдері, ғалымдар, ардагер ұстаздар және облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты.
Іс-шара барысында оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану жолдары, оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру тетіктері қарастырылды.
Форум қорытындысында озық педагогикалық идеялар сараланып, үздік тәжірибе ұсынған мұғалімдер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Аталған форум ұлағатты ұстаздың жарқын есімін ұлықтаумен қатар, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби дамуына серпін берген маңызды алаң болды.
Абай мектебінің абыройын асқақтатып, білім бәйгесінде олжалы оралған жас өрендерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
I орын
1. Қоқан Фатима – қазақ тілі,
жетекшісі: Шабажанова С.К.
2. Бейсенхан Ақерке – ағылшын тілі,
жетекшісі: Акбердиева А.К.
II орын –
3. Ұзақбай Жансұлу – қазақ тілі,
жетекшісі: Шабажанова С.К.
4. Жуспекова Алина – орыс тілі,
жетекшісі: Жусупова М.У.
5. Аблайхан Қарлығаш – ағылшын тілі,
жетекшісі: Шоканова С.А.
III орын
6. Қуаныш Ләйлә – қазақ тілі,
жетекшісі: Суюндикова М.М.
7. Жетпис Баян – қазақ тілі,
жетекшісі: Суюндикова М.М.
8. Муканова Малика – орыс тілі,
жетекшісі: Жусупова М.У.
9. Баянбек Айзира – француз тілі,
жетекшісі: Қыдырбаева Ш.Б.
10. Мұхамеджанова Сания – құқық негіздері,
жетекшісі: Агалиева А.Б.
11. Исабаев Алинур – биология,
жетекшісі: Байбекова Г.З.
12. Өтеуов Алим – география,
жетекшісі: Томбаева А.Е.
13. Амиров Асанали – география,
жетекшісі: Рамазанова М.Д.
14. Хасан Дилара – химия,
жетекшісі: Асанова А.А
Арнайы номинация
Баянбек Іңкәр – «Ең жас қатысушы» номинациясы
Пәні: француз тілі
Жетекшісі: Тусупова Г.М.
2022 жылдан бастап елімізде «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдары заңнамалық деңгейде бекітілді. Ал 2024 жылдан бастап бұл әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Ағымдағы жылдың 11 айында 404 іс тіркеліп, оның ішінде 238 адам жауапкершілікке тартылды.
Жоғарыда берілген инфографикада — әрекет ету алгоритмі, құқықтық шаралар және ата-аналарға, педагогтер мен мамандарға арналған нақты ұсынымдар ұсынылған.
https://www.instagram.com/p/DSCDJTyDDHN/?igsh=dHpxdzJkdG1wNnkz
Бұл ойын арқылы оқушылар:
-Қаржыны тиімді басқару;
-Жалған жарнамалар мен алаяқтықтан сақтану;
-Қаржылық шешім қабылдаудағы жауапкершілік туралы пайдалы мәліметтер алды.
Білім мен технологияны ұштастыра отырып, өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыру – заман талабы!
Мектебімізде Жоғары сапа онкүндігінің алғашқы күні өтті. Алғашқы күні аясында әдістемелік бірлестіктердің отырысы ұйымдастырылып, алдағы онкүндікте атқарылатын жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері айқындалды.
Отырыста:
• оқыту сапасын арттыру жолдары талқыланды;
• әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бағыттары белгіленді;
• пән мұғалімдерінің кәсіби даму мүмкіндіктері қарастырылды;
• онкүндік барысында өтетін іс-шаралардың жоспары нақтыланды.
Бұл онкүндіктің басты мақсаты – оқушылардың білім сапасын көтеру, мұғалімдердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау және білім беру процесін жаңа деңгейге шығару.
Алдағы күндері сапалы сабақтар, ашық іс-шаралар, тәжірибе алмасу алаңдары мен әдістемелік жұмыстар жалғасатын болады.
Бұл марапат 2020 жылы Павлодар облысы әкімдігінің бастамасымен тағайындалған. Байқаудың мақсаты – ғылым, өнер, спорт және қоғамдық белсенділік бағыттарында жетістікке жеткен мектеп пен колледж оқушыларын қолдау.
Жеңімпаздарға арнайы төсбелгі мен 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай сыйақы табысталды. Ерасыл алған сыйақысын қайырымдылық мақсатында , әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға бағыттады.
Бұл шешім – жасөспірімнің азаматтық ұстанымы мен қоғам алдындағы жауапкершілік сезімінің көрінісі. Оқушымыздың бастамасы қатарластары тарапынан қолдау тапты.
«Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді. Бұл жерде білім беру саласы айрықша рөл атқарады.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Қалған мектептердің құрылысы алдағы үш ай ішінде аяқталуға тиіс.
Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын жылдам өзгертіп жатыр. Әлемде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің қыр-сырын білетін мамандарға деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Жұмыс үдерістерінің едәуір бөлігі цифрлық технологияларды енгізу арқылы автоматтандырылатыны анық.
Сол себепті, менің тапсырмаммен 100 мыңға жуық студентті технологиялық жобаларға тартуды көздейтін Al-Sana бағдарламасы жүзеге асырыла бастады.
Алайда жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс. Осыған орай бірқатар бастаманы жүзеге асырған жөн. Ең алдымен, мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері туралы бағдарлама және оқу материалдарын әзірлеу қажет. Ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын да қалыптастыру керек болады.
Қашықтан оқыту тәсілі және жасанды интеллект технологиясы негізінде «Qazaq Digital Mektebi» атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуіміз қажет. Мұндай платформа ауылдағы оқушыларды сапалы оқу тәсілдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Елордада балаларды дамыту орталықтарын жеке қаражат тарту арқылы салу тәжірибесі бар. Мұны барлық аймаққа тарату қажет. Көптеген кәсіпкер дәл осы мәселе бойынша көмек көрсетуге әзір екенін білдіріп жатыр. Әкімдер осындай жобаларды жүзеге асыруға кәсіпкерлерді белсенді түрде жұмылдыруы керек».
Көктемнің шуағымен бірге балаларымыздың белсенділігі де арта түседі. Алайда дәл осы кезеңде олардың өміріне төнетін қауіп-қатерлер де еселенетіні сөзсіз. Осы орайда Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ата-аналарға, мұғалімдерге және барша ересектерге балалардың күнделікті өміріне мұқият қарауға шақырады. Балаларымыздың өмірі – біздің қолымызда! Әрбір ата-ана сақтық шараларын ұстанып, қауіпсіздік ережелеріне бейжай қарамауы тиіс.
Ресми деректерге сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда балалардың терезеден құлау көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артты. Әсіресе, 2-5 жас аралығындағы бүлдіршіндер үшін бұл аса қауіпті. Мұндай қайғылы жағдайлар көбіне ересектердің бейқамдығынан және терезеге арнайы қорғаныс құралдарының орнатылмауынан орын алады.
Сондай-ақ, суға кету оқиғалары да алаңдатарлық деңгейге жетті. 2024 жылы елімізде балалардың су айдындарында қаза табуы өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе өскен. Бұл әсіресе 10-16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Мұның басты себептері – қараусыз шомылу және арнайы рұқсат етілмеген, жабдықталмаған су айдындарында суға түсу.
Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін мына қарапайым, бірақ аса маңызды ережелерді есте сақтаңыз:
Бірінші. Терезелерге сақтық құрылғыларын орнатыңыз – арнайы құлыптар, торлар мен бекіткіштер балалардың құлауына жол бермейді.
Екінші. Тек қауіпсіз жерлерде суға түсіңіз – құтқару қызметі бар жағажайларды таңдаңыз, бейтаныс су айдындарынан аулақ болыңыз.
Үшінші. Балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыз – әсіресе су маңында әрдайым бақылауда ұстаңыз.
Төртінші. Судағы қауіп-қатерлерді түсіндіріңіз – биіктен суға секіру, тереңдікте ойнау және қатты ағыстарға жақындау өте қауіпті екенін үйретіңіз.
Бесінші. Балаларды алғашқы көмек көрсетуге баулыңыз – суға кеткен адамға қалай көмек көрсету керектігін білудің өзі біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін
Құрметті ата-аналар!
Балаларымыздың амандығы – біздің ең үлкен жауапкершілігіміз. Біз олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттіміз. Қайғылы жағдайлардың алдын алу – өз қолымызда!
ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің
төрағасы Насымжан Оспанова