Павлодар, Толстой к., 95, +7 (7182) 651-853 , pvl_sch10@mail.ru
"Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия" КММ
Ресми интернет-ресурс

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның оқушысы Ерасыл Нығметулла биылғы «Тәуелсіздік ұландары» марапатынын иегері атанды.

Бұл марапат 2020 жылы Павлодар облысы әкімдігінің бастамасымен тағайындалған. Байқаудың мақсаты – ғылым, өнер, спорт және қоғамдық белсенділік бағыттарында жетістікке жеткен мектеп пен колледж оқушыларын қолдау.

Жеңімпаздарға арнайы төсбелгі мен 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай сыйақы табысталды. Ерасыл алған сыйақысын қайырымдылық мақсатында , әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға бағыттады.

Бұл шешім – жасөспірімнің азаматтық ұстанымы мен қоғам алдындағы жауапкершілік сезімінің көрінісі. Оқушымыздың бастамасы қатарластары тарапынан қолдау тапты.